Астанада өтетін АӨСШК 6-шы саммитінің жұмысына Араб мемлекеттері лигасының қатысуы расталды

919

Қазақстанның Египеттегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, Елші Халед әл-Завадимен Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтетін Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) 6-шы саммитіне АМЛ Бас хатшысының қатысуын дайындау шеңберінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстандық дипломат биыл БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында АӨСШК идеясы ұсынылғанына 30 жыл толатынын мәлімдеді. Бүгінгі таңда АӨСШК құрамына 27 Азия елдері кіреді, олардың 6-ы араб мемлекеттері (Бахрейн, Египет, Иордания, Палестина, Катар, БАӘ). 2021 жылы Кувейт АӨСШК-ке мүше мемлекет ретінде кіруге өтініш берді. Аталған елдің қосылуы халықаралық форумның шекаралары мен географиясы кеңейтеді.

Қ. Лама Шариф осы диалог алаңын толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың өзектілігін айтып, ұсынылып отырған трансформация Азияның жаһандық істердегі жаңа рөлін көрсететіне назар аударды.

Өз тарапынын Х. әл-Завади форумның өңір елдері арасындағы көпжақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жоғары тиімділігін атап өтті және АӨСШК-те бақылаушы мәртебесіне ие АМЛ-дың ұйыммен өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге мүдделілігіне назар аударды. Сонымен қатар, ол араб мемлекеттерінің рөліне ерекше тоқталып, Араб мемлекеттері лигасына мүше 22 араб елінің 14-і Азия континентінің өкілі, оның 6-ы Конференцияның толыққанды мүшесі екенін атап өтті.

Кездесу барасында Х. әл-Завадидің айтуынша, «ынтымақтастыққа бірегей ынталандырулар тудыратын» тұрақты алаң ретінде Данышпандар кеңесі мен Аналитикалық құрылымдар форумын құру сияқты бастамаларды талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл тұрғыда АӨСШК мен АМЛ хатшылықтары арасындағы байланыстарды арттыру тетіктері, сондай-ақ бірлескен іс-шаралардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Талқылау нәтижесі ретінде үздік тәжірибе алмасу мен көпжақты ынтымақтастықтың әлеуетін ашу мақсатында бірқатар халықаралық іс-шараларды бірлесіп дайындау және өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -