Қазақстан «Евровидение» балалар ән байқауына бесінші рет қатысқалы отыр

759

«Junior Eurovision»-ге ұлттық іріктеу шаралары қалай өтті? Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Меңілбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Биыл жазда Ақтөбе қаласында «Baqytty Bala-2022» халықаралық ән байқауы өтті. Оған 8 елден 20-дан аса өнерпаз қатысты. Осы байқау Евровидениеге Қазақстанның атынан баратын дарынды баланы іріктеп алатын шара ретінде өткізілді. «Хабар» агенттігі осындай шешім қабылдады. Нәтижесінде аталған өнер додасында дарынымен ерекше көзге түскен Дэвид Чарлинді таңдап алдық. Осылайша, Қазақстанның атынан «Евровидение» балалар ән байқауына бесінші рет өнерпазымызды жібергелі отырмыз. Осы орайда барлық қазақстандықтардан белсенділік танытуды сұраймын», - деді спикер.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -