Шет ауданының Үңірек ауылында саябақ ашылды

6589

Шет ауданының Үңірек ауылының орталық көшесінде саябақ құрылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл билік тарапынан ауыл тұрғындарына елді мекеннің 90 жылдығына арнап жасалған сыйлығы.

Құрылыс жұмыстары бір айға жуық жүргізілген. Жолдарға қырлы тас төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды, жарық шамдары пайда болды. Көктемде саябақ абаттандырылатын болады.

Демалыс орнында гүл отырғызылады.

Ауылдың 90-жылдығына орай биыл көктемде «Ер есімі – ел есінде» мемориалы ашылған болатын. Жыл соңына дейін Сазанбай батыр ескерткішінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -