«Әлеуметтік-экологиялық қор» ҚҚ туристер арасында жауапты экотуризм мен экологиялық мінез-құлықты ілгерілету науқанын қорытындылап жатыр. «Ұлттық табиғи парктердегі экотуризм» жобасы келушілерді ақпараттандыру және мемлекеттік органдармен қоршаған ортаға жағымсыз экологиялық әсерді азайту жөніндегі әріптестігі арқылы экотуризмді дамыту үшін жағдай жасауға көмектеседі. Жобаны Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
2022 жылдан бастап ұлттық табиғи парктерге туристерді жаппай тартуға үкімет пен бизнестің қызығушылығы күрт өсті. Жоба командасы "Ливень. Living Asia" журналымен бірге барлық ықтимал туристерге экологиялық мінез-құлық ережелері туралы білім беру үшін практикалық жадынамалар әзірлеп, жария етті.
Сондай-ақ, қордың ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және жергілікті мемлекеттік органдармен диалог орнатуы үлкен жетістік болды. Жоба командасы ұлттық табиғи саябақтардағы экологиялық мінез-құлық ережелері туралы қолданыстағы заңға бірқатар түзету енгізуді ұсынып жүр.
Заңға түзетулер енгізу бойынша сарапшылардың ұсыныстарына туристік қызметтерді жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту, рекреациялық жүктеме артқан жағдайда балама жолдар мен маршруттарды әзірлеу, туристік өнімдерді ерікті сертификаттау кіреді.
«Көк-Жайлауда тау шаңғысы курортын салу жобасы бойынша ұзаққа созылған қарсыласудан бірнеше жыл өткен соң табиғи аумақтарда туризмді дамыту мәселелері бойынша диалогты алғаш рет жолға қойдық. Біз өз көзқарасымызды заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар, Шарын және Алтын-Емел үлттық саябақтарындағы туризм жобаларының қоршаған ортаға әсерін бағалау, туристер үшін ақпараттық жадынамаларды ілгерілету арқылы көрсетуді жөн көрдік» Вадим Ни, қамқоршылар кеңесінің төрағасы
Команда биоалуантүрлілік сақтау және ұлттық саябақтардың әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысты, сондай-ақ мемлекеттік органдар және экологиялық ҮЕҰ-дар, экобелсенділер және блогерлер сияқты серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырады.