Duty Free: Қазақстанда 34 бажсыз сауда дүкені бар

6589
Фотосурет: © REUTERS / Shamil Zhumatov

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 34 бажсыз сауда дүкендері тізілімге енген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

2022 жылғы 28 қарашадан бастап «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкері Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлы байланыс деректері 8 (7172) 7182-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz. арқылы хабарласуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -