Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты әдеби кеш өтті

869

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Әдеби кешке Астана қаласының №75 мектеп-гимназиясының педагогтары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында Ғ.Мұстафиннің өмірі мен қызметі туралы таныстырылыммен қатар, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері, қазақ журналистикасының ардагері, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет өз естеліктерімен бөлісті.

9 сынып оқушысы Зере Қасенованың орындауында қазақтың халық күйлері «Балбырауын», «Ерке сылқым» орындалды.

Сонымен қатар, әдеби сағат аясында жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.

Жобаның мақсаты кітапхананың кітап қорын пайдалана отырып, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және әдебиетімен тығыз байланысты есте қаларлық және атаулы күндерді жариялау, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу, ұлттық әдебиеттің рөлін арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.

Ғабиден Мұстафин (1902–1985 жж). Белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -