Алматы тауларында 3200 метр биіктіктен турист эвакуацияланды

1551
Фотосурет: Gov

Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы облысы Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа жету үшін таулы, қиын жолдармен жаяу жүруге мәжбүр болды.

Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол арнайы зембілмен, 3200 метр биіктікте орналасқан, тік және тасты тау соқпақтарымен төмен қарай эвакуацияланды. 

Құтқару жұмыстары күрделі жағдайда өтті: қиын жер бедері, сондай-ақ зардап шеккен адамның салмағы 90 келіден жоғары болған. Соған қарамастан, құтқарушылар кәсіби және үйлесімді әрекет етті.

ҚР ТЖМ құтқарушыларының табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында ер адам сәтті эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -