1801

Осындай ақ ниетті ардақты азаматтың бірі – Ғабиден Рахымжанов. Дәрігерлер отбасында дүниеге келген ол С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу факультетінің 2012 жылғы түлегі. Содан бері адамдардың денсаулығын ұзартып, қалыпты жағдайда болуына үзбей үлесін қосып келе жатқан жаны жайсаң, жүрегі жомарт дәрігер, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Еңбек жолын 2012 жылы Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының хирургия бөлімшесінде бастаған ол бүгінде бірінші санатты дәрігер-хируруг, өмір мен өлім жиі тайталасқа түсетін орын – ота жасау құрылымының меңгерушісі.

Бауыр, өт жолдары, асқазан-ішек, жарық ауруларын емдейтін дәрігерді пациенттері жақсы көреді. Өйткені, ол ота жасаудың нағыз кәсіби шебері, бөлімшедегі өз ісінің қыр-сырын әбден жетік меңгерген, жас та болса, өте тәжірибелі жетекші хирург.

- Жылына шамамен 230-250 рет операция үстелінің жанынан табыламын. Адам болған соң, неше түрлі жайсыз жағдай, оқыс оқиға орын алып қалмасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Мұндай кездерде көмекке ең алдымен біз келеміз. Дүниедегі ең ізгі мамандық саналатын дәрігерлікті өзің жаныңмен қалап алғаннан кейін, оны үлкен жауапкершілікпен, әрі сапалы атқаруың керек. Өйткені, осындай сәттерде саған айрықша сенім, үлкен үміт артылады. Жалпы, тағы бір атап айтарым, отаның оңайы болмайды. Өз басым мұны біле тұра, осы қиын салаға мамандандым. Оташылық жұмысымды жаман атқарып жүрмеген сияқтымын. Оны алғыс білдіріп жүрген пациенттерімнен білемін,-дейді ол.

Сөзге сараң, іске мығым, қашанда жаңалыққа жаны құмар Ғабиден 2014-2016 жылдары А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында медицинадағы ең соңғы технологиялардың бірі – лапароскопия мен эндоскопияны оқып, білімін жетілдірген. 2017 жылы алған білімін алғаш рет Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында енгізіп, бұл әдіс-тәсілдермен жасалған оталары сәтті шықты.

Қазіргі уақытта, қалалық ауруханада эндоскопиялық жолмен өт жолдарынан тастарды алу, асқазан ішек жолдарынан қан кету кезінде эндоскопиялық жолмен қан тоқтату әдістері, бауыр, ұйқы безі, өт жолдарындағы қатерлі ісік ауруында эндоскопия арқылы стент қою оталары кеңінен қолдануда. Қазіргі кезде тек қала, облыс тұрғындары ғана емес, басқа да аймақтардан науқастар Ғабиден дәрігердің жасаған азинвазивті отасы арқылы тез оңалып кетуде. Сондықтан, да оны көпшілік “Алтын қолды дәрігер” деп атауда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -