2022 жылғы қарашада ҚР Энергетика министрлігі 2022 жылға арналған графикке сәйкес электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жалпы белгіленген қуаты 690 МВт аукционға шығарды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан:
- жел электр станциясы (ЖЭС) – 400 МВт;
- гидроэлектр станциясы (ГЭС) – 220 МВт;
- күн электр станциясы (КЭС) – 60 МВт;
- биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 10 МВт.
Аукциондар үшін ЖЭС-ке – 21,53 тг/кВтсағ, ГЭС-ке – 15,2 тг/кВтсағ, КЭС-ке – 16,96 тг/кВтсағ, БиоЭС-ке – 32,15 тг/кВтсағ шекті бастапқы аукциондық бағалары белгіленді.
2022 жылы жалпы 13 аукцион, оның ішінде КЭС жобалары бойынша – 3, ЖЭС жобалары бойынша – 7, ГЭС жобалары бойынша – 2 (1 – кіші, 1 – ірі) және БиоЭС жобалары бойынша – 1 аукцион өткізілді.
Аукциондарға 5 елден 36 компания қатысты: Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Сингапур, Ресей Федерациясы, Нидерланды. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жиынтық көлемі 2 809,002 МВт-ты құрап, сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 4 есе асып түсті.
Жалпы, 2022 жылғы аукциондарда жалпы белгіленген қуаты 440 МВт болатын 10 ЖЭК жобасы іріктелді, оның ішінде ЖЭС – 400 МВт, ГЭС - 40 МВт.
2022 жылы өткізілген аукциондар қорытындысы бойынша ЖЭС жобалары бойынша аукциондық бағаның максималды төмендеуі 42,5%, КЭС – 0,05% құрады. Бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететінін және ЖЭК объектілерінен электр энергиясының нарықтық бағаларын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже болып табылады.