ҚазҰУ магистранты «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды

644

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс магистранты Данияр Дәулетия «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды. Байқауға 2900 үміткер өтініш білдіріп, олардың ішінен 33 жұмыс іріктеліп алынған, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Данияр «Ауыл шаруашылығына қызмет көрсетуге арналған машиналық көру негізіндегі мобильді роботты әзірлеу» атты зерттеу жұмысы үшін «Ғылым» бағытында жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ол бүгінде ҚазҰУ-да «Компьютерлік инженерия» мамандығында оқиды. Ғылыми жетекшісі – Жолдас Бөрібаев.

Ғылыми жоба мақсаты – адаптивті басқару жүйесі бар интеллектуалды роботтық кешенді әзірлеу. Робот ауылшаруашылық жерлерін күту бойынша жұмыстарды дербес атқаруға арналған. Ол үшін үлгіні тану, компьютерлік көру және машиналық оқыту бойынша әзірленіп жатқан жаңа модельдер мен технологияларды қолдану көзделген.

«Робот арамшөптерді анықтауға және манипулятор көмегімен оларға гербицид себуге мүмкіндік беретін барлық жүйелер және сенсорлармен жабдықталған. Бұл гербицид шығынын едәуір төмендетуге, сондай-ақ олардың басқа дақылдарға зиян келтірмеуін қамтамасыз етеді» Данияр Дәулетия

ҚазҰУ студентін жетістігімен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -