«Мәміле» клубының қорытынды отырысы

9251

Соңғы жылдары өзге этностар арасында мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылық артып келеді. Бұл бағытта «Мәміле» қазақ тілі клубының да үлесі зор екенін айта кеткен жөн, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қалалық Достық үйінде орналасқан клубтың биылғы соңғы отырысы «Тіл табыса білу – өнер» деген тақырыппен өтті. Әдеттегідей жиынға қалалық ҚХА этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Сабақ барысында қатысушылар жалғаулардың түрлерін зерттеп, бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасты.

Айта кету керек, «Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -