«Сапа Интерсистем» ЖШС берілген сәйкестікті бағалау құжаттарының қолданылуы тоқтатылды

7601

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Сапа Интерсистем» ЖШС аккредиттеу субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Аккредиттеу саласы және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттар шегінде жұмыстарды жүзеге асыруы жөніндегі талаптарды тексеру кезінде аккредиттеу саласында қолданылу мерзімі өткен нормативтік құжаттардың бар екендігі анықталды.

Сондай-ақ, тіркелген сәйкестік туралы декларацияларды іріктеп талдау кезінде техникалық регламенттер талаптарының сақталмағаны анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша барлығы 10 сәйкестікті растау декларацияларының қолданылуы тоқтатылды.

Анықталған сәйкессіздік Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 8 және 14-баптарын бұзу болып табылады.

Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізу шеңберінде мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және аккредиттеу саласындағы заңнамалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың өнімнің сәйкестігін бағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын түсіндірді.

СРО және СО мамандарына техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қатаң сақтау туралы ақпарат және сәйкестікті міндетті растау тек қана оның талаптарына сәйкестігіне жүргізілетіні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жеткізілді.

Қатысушылар техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Мемлекеттік инспекторлар одан әрі жұмыс істеу үшін толық және жан-жақты жауаптар мен ұсыныстар берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -