Ақтөбедегі Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қолдауымен 10 әйел өз ісін ашты

1145

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 476 әйелге мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл кеңес беру, оқыту, тәлімгерлік қолдау, әйелдер бизнесінің қазіргі жағдайын бағалау, деп хабарлайды DKNews.kz.

55 ақтөбелік кондитерлік, тігін өндірісі және сұлулық қызметтері сияқты бағыттар бойынша бейіндік оқытудан өтті. 300-ден астам әйел әлеуметтік кәсіпкерлік, SMM, кооперация, салық және бухгалтерлік есеп, бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілері және т.б. бойынша жеке және кәсіби өсу тренингтері мен шеберлік сабақтарына қатысты.

«Орталық арқасында көптеген адамдар форумдар мен көрмелерге қатыса алды, бұл олардың өнімдері мен қызметтерін ілгерілетуге, клиенттік базаны кеңейтуге және серіктестік байланыстарды орнатуға ықпал етті. Кәсіпкерлік бастамасы бар он әйел менти ретінде іріктеліп алынып, сертификатталған тәлімгердің, Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Күлпаршин Айдарханованың сүйемелдеуіне ие болғаны маңызды. Жұмыс топтарда да, жеке де жүргізілді: консультациядан бастап бизнесті кеңейту, тәуекел–менеджмент және өнімді өткізу нарықтарын кеңейту, өнім желісі және бизнес-процестерді жетілдіру мәселелеріндегі сараптамаға дейін» ӨКП директоры Дана Бекбауова

Нәтижесінде Гүлнұр Баймұқанова жеке кәсіп ұйымдастырып, нәрестені емізу бойынша кеңес беруде. Ментордың қолдауының арқасында перзентханаларға қол жеткізді, бүкіл Қазақстан бойынша әйелдерге онлайн кеңес береді, өзінің «Релактация» авторлық марафонын патенттеуді жоспарлап отыр. Ментормен жұмыс істеу кезеңінде айналымды 2,5 есеге арттырып, екі жұмыс орнын ашты.

Өз кезегінде Әсемгүл Қайрақбаева тәлімгердің қолдауымен қызмет саласын кеңейтіп, асхана ашып, 10 жұмыс орнын ашты. Қосымша екі наубайхана ашып, тағы 7 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Айналым екі есе өсті.

Ал көп балалы ана Венера Ардашева массаж кабинетін ашып, бір жұмыс орнын ашты. Сонымен қатар оқу курстарын өткізеді.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының арқасында мен өңірдің көптеген танымал кәсіпкерлерімен таныстым, бірнеше тренингтен өттім. Менің санамның қалай өзгергенін байқадым. Егер бұрын мен үйде отырып көмек күткен болсам, ментор мені әрекет етуді үйретті. Баршаңызды өз ісін жүргізуге үйренуге, «Атамекен» палатасына, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына жүгінуге, шеберлік сабақтарына қатысуға шақырамын. Бір сөзбен айтқанда — бұл өсу. Бүгінде кез-келген түрдегі массаж өте сұранысқа ие. Барлығы әдемі және сау болғысы келеді. Мен сұлулық салондарымен де, үйде де жұмыс істеймін. Жыл соңында тәлімгер бизнесімді жүргізү үшін ынғайлы бөлмемен көмектесті» Венера Ардашева

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін бизнес–жобаны әзірлеу сатысында. Венера Ардашева қызметтің тағы бір бағытын — клининг қызметтерін ұйымдастыруға үміттенеді. Бұл балаларымның болашағы үшін, дейді.

Мұндай мысалдар көп.

Табандылығы мен бизнесті жүргізуге және дамытуға деген ұмтылысы үшін барлық 10 менти Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жобасының серіктесі Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының — Лондон бизнес мектебінің құттықтау хаттарымен марапатталды.

Табыстауды тәлімгер Күлпаршин Айдарханова жүргізді. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының үйлестірушісі Ләззат Жаманқұлованың жұмысы да атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылдың наурыз айында Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған болатын. Қызметтер, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы сияқты, тегін негізінде көрсетіледі. Ағымдағы жылы орталық жұмысын жалғастырады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді де, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді де одан да көп қамту жоспарлануда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -