16 жастағы қарағандылық теннисші халықаралық біріншіліктің чемпионы атанды

8074

Қос разрядта Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Виталий Зацепин мен қызылордалық спортшы Ерасыл Ерділдә ITF Juniors J200 жасөспірімдер арасындағы теннистен халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарыс Калькуттада (Үндістан) өтті.

Финалда қазақстандық спортшылар жапондық Сатору Накаджима мен филиппиндік Джоа Рей Поскуадан 6:2, 7:5 есебімен басым болды.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар Виталий Зацепин мен Әмір Омарханов 2022 жылы керемет нәтижеге қол жеткізді. Олар теннис тарихында алғаш рет Дэвис Кубогында топ-4-ке енген Қазақстанның жасөспірімдер командасының құрамында тамаша ойнады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -