Қарағанды облысының су айдындарында аэрация жұмыстары жалғасуда

974

Қарағанды облысында су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Аэрациялық жұмыстар Саран су қоймасында жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аэрациялық шаралар су объектілерінің табиғи желдетілуін, суды оттегімен қанықтыруды қамтамасыз ету үшін қажет. 

Ол үшін мұзда ауа кіретін тесіктер бұрғыланады.

Балықтардың қырылуына қарсы жұмыстарды Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары ұйымдастырды. Сондай-ақ аэрация жұмыстарын жүргізуге Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері арасынан 15 ерікті тартылды.

Осы айда Бұқар жырау ауданындағы бөгетте балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Қарағанды облысында барлығы 201 балық шаруашылығын жүзеге асыратын су айдыны бар. Оның 104-і табиғат пайдаланушыларға тіркелген, ал 97-сі резервтік қорда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -