Қазақ спортшысы Индонезияда өткен әлем кубогында Олимпиада чемпионын жеңді

817

Қазақ спортшысы Индонезияда өткен нысана көздеу жарысында швейцариялық олимпиада чемпионын жеңді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандасымыз Арина Алтухова Джакартада (Индонезия) өткен Әлем кубогінің жеңімпазы атанды.

Арина 50 метрдегі нысананы шағын калибрлі мылтықтан үш қалыпта ату бойынша қыздар арасындағы «алтын финалда» (golden match) Швейцариядан келген «Токио-2020» Олимпиадасының чемпионы Нина Кристенді ұтты.

19 жастағы алматылық мерген шешуші сайыста бірінші болып қажетті 16 ұпай жинады.

«Жеке жарыстағы медальдардан бөлек, Ислам Сәтбаев, Матвей Тимофеев және Константин Малинковский бар ерлер құрамасы командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алғандарын да атап өткім келеді. Спортшыларымызды жоғары нәтижемен құттықтаймын және әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тілеймін!»,деп жазылған министрдің құттықтау хатында.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -