45 отбасы Приозерск қаласында пәтер алды

7634

Приозерск қаласында кезекте тұрғандар үшін "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған бес қабатты тұрғын үй тапсырылды. 45 отбасы пәтер кілтін алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

31 жастағы Айнұр Асанова жеті жыл бойы тұрғын үйге кезекте тұрған. Ол екі баласын жалғыз тәрбиелеп отыр. Оған екі бөлмелі пәтер бөлінді.

– Жеті жыл бұрын мен күйеуімнен айрылдым. Бірнеше жылдар бойы біз балалармен баспана жалдап келеміз. Айына 50 мыңға пәтер жалдадым. Коммуналдық қызмет ақысын төледім. Мұның бәрі отбасылық бюджетке ауыртпалық салды, – дейді Айнұр. – Өз баспанаң болғаны нағыз бақыт. Мен өте ризамын.

Тұрғын үй көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, толық емес және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына берілді.

– Мен жаңа қоныстанушыларды құттықтаймын және оларға жаңа пәтерлерде бақыт пен амандық тілеймін. Олардың көпшілігі бұл күнді жылдар бойы күтті. Аула аумағын абаттандыру жұмыстары міндетті түрде соңына дейін жеткізіледі, – деп атап өтті Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Балалар ойын алаңын жайластыру, орындықтар мен урналарды орнату, сондай-ақ ауланы жарықтандыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Приозерск қаласында тұрғын үйге кезекте 360 адам тұр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -