"Шалқыма" концерт залында 24 ақпан күні сағат 18:30-да Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің концерті өтеді. Қарағандылықтар мен қала қонақтарын ҚазКСР Халық әртісі дирижер және педагог Фуат Мансұровтың 95 жылдығына арналған классикалық музыка кешіне шақырады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Фуат Мансуров оркестр музыканттарын тәрбиелеудің жаңа әдістемесін және симфониялық оркестрде ойнауға бейімделу үшін жаттығулар жүйесін әзірледі және енгізді, дирижерлік факультет студенттеріне арналған "Оркестр топтарымен жұмыс" авторлық курсын құрды.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Полатхан Тәшімов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғайни Болтаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері "Құрмет" орденінің иегері Талғат Мұсабаев және халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Рысты Рахымжан мен Айым Мейірханова өнер көрсетеді.
Бағдарламада Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір, Е.Брусиловский, М. Төлебаев, Гуно, Д. Россини, К. Күмісбеков, Б. Жұманиязов, А. Хачатурян, А. Жұбанов, Л. Хамиди, Т. Тайбеков шығармалары бар.
Көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Бас дирижер - "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
Дирижер - халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.