Шымкентте өз-өзіне қол жұмасмақ болған азаматшаны ұландықтар құтқарып қалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға 23 наурыз күні сағат 19.35 шамасында болған. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету қызметінде жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрдәулет Мадымұхамбетов және патрульдер қатардағы Бекарыс Наранбаев пен қатардағы Нұрболат Дүйсен, Мангелдин мен Тамерлан көшелерінің қилысында орналасқан көпірден секірейін деп тұрған белгісіз әйел адамды байқап қалады. Ұландық жауынгерлер тез әрекет етіп, оның жанына барады.
"Оқиға орнына келгенімізде азаматша көпірден төменге қарай секірмекші болып тұр екен. Біз оның мұндай әрекетке бармауын сұрадық. Алайда ащы судан ұрттап алған ол алған бетінен қайтпайтынын айтып, жылаумен болды. Мен әйелді сөзге тартып тұрғанда, қалған екі жауынгер оны көпірден тартып, түсіріп алды" қатардағы Нұрдәулет Мадымұхамбетов
Сөйтіп, 1985 жылғы азаматшаның өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін азаматша полиция қызметкерлерін табыстаған.