Симфониялық оркестр қарағандылықтарды саундтрек-концертке шақырады

5718

26 наурыз күні сағат 16:00-де "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің саундтрек-концерті өтеді. Онда "Арыстан патша", "Гарри Поттер", "Интерстеллар", "Тақтар ойыны", "Керемет ғасыр" және "Жұлдызды соғыстар" фильмдеріндегі музыкалық шығармалар ұсынылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Бұл шығармалар жас дирижер Әбілқайыр Сағымбаевтың жетекшілігімен орындалады. Ол өзі оркестрге аранжировка жасайды", – деп атап өтті Қали Байжанов атындағы КБ.

Оркестр дирижері – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Концерттің жүргізушісі – Людмила Гольская.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -