Қарағандыда республикалық айтыс жеңімпаздары марапатталды

6279

Еліміздің әр өңірінен келген он екі ақын Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында суырыпсалма өнерінде бақ сынасты. Шығармашылық жарыс Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналды, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Армысың, әз Наурыз" республикалық айтысы екі кезеңнен тұрды – іріктеу және қорытынды.

Бас жүлдеге Қызылорда облысынан Мейірбек Сұлтанхан ие болды. Бірінші орынды Ұлытау облысынан Төлеген Жаманов иеленді. Екінші орынды Мұрадым Мирланов (БҚО) және Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды) өзара бөлісті.

Үшінші орында Қарағанды облысының екі ақыны – Мақсат Аханов пен Дидар Қами.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Айтысты ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -