Өрт сөндірушілер Ақтөбе облысының №2 газ өңдеу зауытындағы өртті оқшаулады

35926
Фотосурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

2023 жылғы 1 мамырда сағат 15:55-те (Ақтөбе облысының уақытымен) 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында қондырғы өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ТЖД басшылығы аэровизуалды барлау жүргізді.

Ақтөбе облысы ТЖД жедел штаб құрылды.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС 50-ден астам өрт сөндіруші мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 20:35-те оқшауланды.

Өрттің ауданы мен  себептері анықталуда.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасуда.

Күйік алған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -