Әдемі әлемге қадам: "Пахита" балетінің премьерасы және жас таланттардың есеп беру концерті

3603

Баршаңызды бұрын соңды болмаған әсерлі кешті көріп, елімізде өркен жайып келе жатқан ұлттық хореография академиясында алғаш рет сахналанатын «Пахита» балетінің премьерасын насихаттауға шақырамыз. 10 мамыр сағат: 19.00, деп хабарлайды DKNews.kz.

Академия тәрбиеленушілері  көрермендердің  назарына  М. Глинка. «Иван Сусанин» операсынан, Г. Ольденбургский. Pas d`Esclave «Корсар» балетінен, Р. Глиэр. «Вальс», Л. Делиб. «Коппелия» балетінен вариация, А.Адан. Ле Корсар балетінен Медораның вариациясы. «Гензанодағы гүлдер фестивалі» балетінен Э.Гольстед вариациясы, П. Чайковский, Па-де-де «Щелкунчик» балетінен, бұдан бөлек заманауи хореографтардың арнайы сахнаға шығарған:  Алмат Шамшиевтың сахналаған «Жолбарыс жүрек» Фольклорлық-этнографиялық музыка «Хассак» ансамблі орындауында, «Ақбаян» «Хасақ» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өңдеуімен халық музыкасы. Хореография А.Садықова, А.Шамшиевтың, Ахмадиев А.Р сынды мамандардың кәсіби шеберлігімен қойылған бағдарлама.  

«Астана Балет» сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының есеп беру концерті саналатын жиында бұрын соңды сахналанбаған жаңа номерлер қойылмақ. Бүгін үлкен сахнаға қадам басқан әрбір балет аритісі ертең әлем артисі болуы ғажап емес. Ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -