Металлургтер көшесінде көппәтерлі 2 қабатты үйдің екінші қабатындағы 3 бөлмелі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.
15 тұрғын пәтерлерінен өз бетінше шыққан.
Келіп жеткен өрт сөндірушілер ауданы 5 шаршы метр өртті сөндірді. Жиһаз және жеке заттар жанған. Өрт сөндірушілер газ баллонын шығарып үлгерді. № 7 өрт сөндіру бөлімінің жігіттері түтін мен жану өнімдері бөлетін улы заттан қорғайтын капюшон көмегімен көрші пәтерден әйелді баласымен құтқарды.
Өрттің алдын ала себебі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, электр жабдықтарының авариялық режимі.
Жалпы өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді:
- бұзушылықтарды уақтылы жойыңыздар;
- қауіпті электр сымдарын пайдаланбаңыздар;
- пәтерден шыққан кезде барлық электр құралдарын өшіріңіздер және барлығын бір розеткаға қоспаңыздар.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыздар.