Алматыда әскери журналистер жиыны өтті

5422
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі

24-26 мамыр аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Бас қолбасшылық пен өңірлік қолбасшылықтардың баспасөз қызметі әскери журналистері мен ұйымдастырушы-корреспонденттерінің және ҚР Ұлттық ұлан Академиясының оқу-әдістемелік жиындары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

- Практикалық сабақтар Мемлекет басшысының қоғамда және мемлекетте тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі идеялары төңірегінде жеке құраммен идеологиялық жұмысты жандандыру, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер мен қазақстандық журналистиканың қазіргі заманғы проблемаларын зерделеу мақсатында өткізілді. Бүгінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің батылдығы мен жанқиярлығының оң үлгілері негізінде біз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеке құрамды жаңа қазақстандық патриотизм мен Отанға адалдық рухында тәрбиелеп отырмыз, - деді Ұлттық ұланның ақпараттық-баспа бөлімінің бастығы – «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының бас редакторы полковник Ерболат Сұлтанов.

Жиынның бірінші күні «Әскери қызметшілердің батылдығы мен ерліктерінің оң мысалдарында жеке құрамды тәрбиелеуде БАҚ ресурстарын пайдалану», «Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілерінде баспасөз қызметі офицерлерінің жұмысының инновациялық нысандары мен әдістері, жағымсыз және деструктивті элементтерге ақпараттық қарсы тұру» тақырыптарында дәрістер өткізілді. Онда жиынға қатысушылар Ұлттық ұлан туралы ақпараттарды интернетте таратуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Александр Рожков «Оқиғалық коммуникациялар және PR-ақпарат дизайны» тақырыбында дәріс оқыды. Ал «SMM-нің даму трендтері» тақырыбында дәрісті «sector X» радиосының PR-қызметінің жетекшісі Ануар Ушуров жүргізді.

Алғашқы күннің жоспарлы сабақтарынан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері Ұлттық ұланның әскери журналистеріне студенттік қалашық аумағын аралатып, журналистика факультеті, мұражай және кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.

Жиынның екінші күні әскери журналистерге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Баспа-редакторлық және дизайн өнері кафедрасының аға оқытушысы Ізбасар Тұрғынбаев «Цифрландырудың баспа-полиграфия ісіне әсері» жайлы лекция оқыды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ләйла Ахметова «Мұрағаттық құжаттарды медиада пайдалану» тақырыбында сабақ өткізді.

Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның Журналистика және коммуникация кафедрасының оқытушысы Айман Қаймулдина мен «Паркинг Алматы» АҚ баспасөз хатшысы тәжірибелік сабақ жүргізді.

Сонымен қатар тағы бір сағат өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдардың өкілдері – Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны Нұрсұлтан Алтынбековпен, Алматы қаласы полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бас маманы Дәурен Зарқымхановпен және Алматы қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері азаматтық қорғау майоры Гүлдана Нұрымбетовамен тәжірибе алмасуға арналды.

- Тәжірибе алмасу іс-шаралар өте маңызды. Ақпараттық жұмыстың тиімді стратегияларын бірге дамыту үшін әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың тәжірибелі мамандары білімдерімен және практикалық дағдыларымен алмасып отырғаны жөн. Мұндай жұмыс қателіктерді болдырмауға көмектеседі. Мемлекеттік құрылымдарға өз жұмыстарын оңтайландыруға және жалпы ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, - деп қорытындылады әділет капитаны Нұрсұлтан Алтынбеков.

Жиынның үшінші әрі соңғы күнінде жиынға қатысушылар фото және видео түсіру, бейнематериалдарды монтаждау, әлеуметтік желілер үшін контент жасау мен әртүрлі жанрдағы материалдарды дайындау тәсілдерін үйренді.

Осы күні «Бұқаралық ақпарат құралдарында патриотизмді насихаттаудағы әскери баспасөздің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

– Ортақ күш-жігердің арқасында ғана біз жарқын болашаққа ұмтылған біртұтас көзқарасқа ие қоғам құра аламыз. Сондықтан біздің бірлескен жұмысымыз Отанға деген сүйіспеншілікке негізделуі тиіс, - деп атап өтті Ұлттық ұланның қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі полковник Қуаныш Қожахметов.

Үш күндік оқу-әдістемелік жиындардың қорытындысы бойынша әскери журналистер оқудан өткені туралы сертификаттар алды. Ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының төсбелгілермен және алғыс хаттармен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті деканының міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Темірғали Көпбаев бастаған оқытушылар мен өзара іс-қимыл құрылымдарының өкілдері марапатталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -