Қарулы күштердің әскери қызметшілері балаларға арналған қызықты шаралар өткізді

5025
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай шаралар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Балалар мерекесі жазғы мектеп демалысының басталуымен тұспа-тұс келді.

 

Астанада Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері әр жастағы балаларға есте қаларлықтай керемет қойылым өткізді. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ғимараты алаңына жиналғандарды қарсы алды.

Менің жас достарым, сендер ата-аналарыңның ғана емес, бүкіл елдің баға жетпес байлығысыңдар. Сендер – біздің болашағымыз, бастаған ісімізді жалғастырушысыңдар. Елдің болашағы сендердің қолдарыңда. Сендерге зор денсаулық тілеймін. Терең білім алып, Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары мен патриоттары болыңдар Дархан Ахмедиев

Дархан Ахмедиев Қарулы күштер әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтегі ата-аналар мен олардың өкілдеріне балаларды назардан тыс қалдырмай, осындай шара ұйымдастырғаны үшін ризашылығын жеткізді.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру және дарынды балаларды қолдау үшін Қарулы күштердің гарнизондарында әр түрлі 60 үйірме мен спорт секциясы жұмыс істейді. Оған 500-ге жуық әскери қызметшінің балалары қатысады. Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жүргізіледі. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленеді. Бұл жер балалардың бос уақытын дұрыс пайдалануы және ұйымдастыруына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Шарада әскери қызметшілердің балаларына арналған «Отан отбасынан басталады» атты сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған көрмеде балалардың жұмыстары көрсетілді.

Байқауға төрт жас санатындағы мыңның үстінде бала қатысты. Жас суретшілер «Батырлардың есімі мәңгі жадымызда», «Қазақстан – бейбіт ел», «Менің әкем – Отан қорғаушы» атты үш тақырып бойынша туындыларын көрсетті. Қазылар алқасы байқаудың 49 жеңімпазын анықтап, оларды дипломдармен марапаттады. Қатысқан балаларға сертификаттар табысталды.

Мереке ойын-сауықпен, аниматорлармен қызықты ойындармен сосын, әрине, тәтті тағамдармен жалғасты. «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері де осындай сәтте көпшілікті талантымен тәнті етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -