Бюджет қаражатын ұрлау және сыбайлас жемқорлық: «ӨзенМұнайГаз» АҚ тергеу

37829
Фотосурет: ozen.kz

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келгені бойынша күдікпен ұсталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз кіргізген.

Дегенмен, компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекке тіркелген.

Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтіндігін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Б. Мамбетсапаевтың анық білгендігі тергеумен анықталды.

Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан.

Тергеумен Б. Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілері тексерілуде.

Тергеу жұмыстары жалғасуда. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -