Қазақстан Ұлттық Банкі 50 білім грантын бөледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық Банк мына бірлескен бағдарламалармен білім гранттары бойынша оқуға өтінім беруге болатынын хабарлайды:
- «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» – 15 грант;
- «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджмент», «Макроталдау және болжау» – 20 грант;
- «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» – 15 грант.
Бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау.
Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады.
Осы бағдарламалар бойынша оқу кезеңінің басталуы 2023 жылғы тамыз-қазанға жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар Университеттердің талабы мен өлшемшартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтеді. «Назарбаев Университеті» ДББҰ бағдарламасы бойынша оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай, «Нархоз университеті» КЕАҚ және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ бағдарламалары бойынша – 2 академиялық жыл.
Оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу көзделген.
Бағдарламалардың мазмұнымен және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен келесідей сайттарда танысуға болады: