Мәжілістегі студент-практиканттар: заң шығарушы органдағы жұмыс тәжірибесі

2450
Фотосурет: Gov

2023 жылғы 5-30 маусым аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Студенттер мамандықтарына байланысты Мәжіліс Аппаратының бөлімдеріне барып, Парламенттің жұмысымен, құрылымымен танысып, кәсіби құзыреттіліктерін арттырады.

Өндірістік тәжірибе студенттерге кәсіби өсуге, жеке құндылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдану және болашақ мансаптарымен байланысты ережелер мен міндеттемелерді игеруге үлкен септігін тигізеді.

Өндірістік тәжірибе оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін өте маңызды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -