Экологиялық серпіліс: Алматыдағы ЖЭО-2 табиғи газға ауысады

1929

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, Банк) «Алматы электр станциялары» АҚ-мен (АлЭС) кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Басқа кредиторлармен – Азия даму банкімен және Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесе бөлінетін қарыз қаражаты Алматыдағы Жақұтов атындағы №2 ЖЭО жаңғыртуға жұмсалады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аяқталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған жобаны іске асыру нәтижесінде осы ЖЭО жабдығының белгіленген электр қуаты 510 МВт-тан 600 МВт-қа дейін артып, ал жылу қуаты-957 Гкал құрайды.

Бұл ретте станцияны отынның неғұрлым экологиялық түріне – тас көмірдің орнына табиғи газға ауыстыру станцияның қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша атмосфераға күкірт диоксиді мен күл (шаң) шығарындыларының бөлінуі толығымен жойылады, ал көміртектің қостотығы (СО2) бір жарым есе азаяды.

Елибаев БРК.jpg

«АлЭС квазимемлекеттік компания болғанымен, ҚДБ жобаға екі себеп бойынша қатысқалы отыр. Біріншіден, халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру негізінде. Екіншіден, жоба ЖЭО-ның қоршаған ортаға әсерін төмендету, сонымен бірге Алматы агломерациясын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру арқылы ESG қағидаттарына сәйкес келеді. Бұл жобаның экологиялық әсері біздің қаржыландыру туралы шешім қабылдауымызда жоғары маңызға ие болды» ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Елібаев

Аргинбаева АЛЭС.jpg

«Біз жоғарыда аталған жобаны іске асыру жұмысын жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі келісімге қол қою – құрылысты белгіленген мерзімде бастау тұрғысынан оны ілгерілету жолындағы маңызды қадам. Біз бірлесіп жұмыс істеудің жаңа сатысына көтерілеміз» АлЭС экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры Әсел Арғынбаева

Кредиттік келісімге АлЭС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Әсел Амантайқызы Арғынбаева және ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Талғатұлы Елібаев қол қойды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -