Прокурорлар пробация шәкірттері арасындағы бұзушылықтардың алдын алуға қалай көмектеседі

2062

Сарыарқа ауданының прокуратурасы аудандық пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың ҚР ІІМ ҚАЖК №2 мекемесіне (төтенше қауіпсіздік мекемесі) баруын ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған іс-шара пробация қызметінде есепте тұрғандармен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында өткізілді.

Түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарды ұстау жағдайы және күн тәртібімен таныстырып, оларды ұстау орындарын көрсетті.

Сонымен қатар, прокурорлар пробация қызметінде есепте тұрғандарға пробациялық бақылауды бұзған жағдайда (сот жүктеген міндеттерді орындамағанда, қайталап қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда, пробация қызметіне келмегенде және т.б.), сотпен тағайындалған жаза неғұрлым ауыр жазаға ауыстырылатынын ескертті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -