Қазақстан қарудың заңсыз айналымын тоқтатады

12386

2023 жылғы сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірге, сонымен қатар прокуратура органдарымен әрекеттесе отырып, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның ішінде «қаңтар» оқиғалары кезінде ұрланғандары да бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нәтижесінде 42 бірлік қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -