Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

10802
Фотосурет: iStock

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 481 кәсіпорында 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,3 млрд теңге төленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -