Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

586
Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды​​​​​​​" Ақорда​​​​​​​

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

  • 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
  • 2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.
  • 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
  • 2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
  • 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.
  • 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
  • 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.
  • 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
  • 2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -