Сассекс ғалымдары Қазақстанда нені зерттейді

825
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: Gov

Жасанды интеллект мұғалім даярлау жүйесіне еніп келеді.

Павлодарда Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізу және дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтерді даярлаудың жаңа тәсілдерін зерттеп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бірлескен жұмысты Марғұлан университеті мен Ұлыбританияның Сассекс университетінің ғалымдары жүргізуде. Шетелдік сарапшылар бір апта бойы қазақстандық әріптестерімен педагогикалық кадрларды даярлау, білім берудегі жаңа әдістер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелерін талқылайды.

 

Казахстанские и британские ученые развивают совместные исследования в сфере образования

Британдық ғалымдар Павлодарда бір апта жұмыс істейді

Ұлыбританиялық делегация құрамында Сассекс университеті проректорының орынбасары, профессор Саймон Томпсон, Білім департаментінің басшысы Кит Перера және бастауыш білім беру саласының ассистент-профессоры Марсело Старикофф бар.

Ғалымдардың бірлескен жұмысы «Қазақстанның дарынды балаларын дамыту үшін педагогикалық кадрларды даярлаудың кешенді ғылыми-инновациялық жүйесін құру» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында өтіп жатыр.

Негізгі назар білім берудегі көшбасшылыққа, дарынды оқушылармен жеке жұмыс істеуге, сондай-ақ олардың сыни және шығармашылық ойлауын дамытуға аударылған.

Казахстанские и британские ученые развивают совместные исследования в сфере образования

Жасанды интеллект мұғалімнің міндеттеріне де әсер етеді

Зерттеудің негізгі тақырыптарының бірі — жасанды интеллектінің білім мазмұнына ықпалы.

Қазақстандық және британдық мамандар ЖИ құралдарын оқу үдерісінде қолданумен қатар, мұндай технологиялардың таралуы педагогтердің алдына қандай жаңа міндеттер қоятынын да талқылап жатыр.

Бұл бағыт мұғалімнің технологияны жай пайдаланушы ретінде емес, оны білім беру мақсатына сай қолдана алатын маман ретінде даярлау мәселесін алға шығарады.

Жоба аясында зерттеушілер жаңа технологияларды дарынды балалармен жұмыс істеген кезде қалай қолдануға болатынына да назар аудармақ.

Казахстанские и британские ученые развивают совместные исследования в сфере образования

Дарынды балаларды анықтау тәсілдері зерттеледі

Сассекс университетінің өкілдері Марғұлан университетінің Когнитивтік зерттеулер зертханасының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін, зертхананы дамытуға арналған жол картасын және академиялық алмасуды кеңейту мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар ALLECA жобасын іске асыру бағыттары талқыланды.

Британдық мамандар дарынды балаларды анықтау және олардың әлеуетін дамытуға көмектесу бағытындағы зерттеулерге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді.

Казахстанские и британские ученые развивают совместные исследования в сфере образования

Ынтымақтастық зерттеумен ғана шектелмейді

Екі университет арасындағы жұмыстың негізгі бағыттарына сараптамалық консультациялар, ғылыми зерттеулер, әдістемелік материалдар әзірлеу және педагогтердің біліктілігін арттыру кіреді.

Яғни зерттеу нәтижелерін тек ғылыми ортада қалдырмай, педагогтерді даярлау мен нақты білім беру тәжірибесіне енгізу көзделіп отыр.

«Британдық әріптестермен ынтымақтастық екі университеттің ғылыми және практикалық тәжірибесін біріктіруге, зерттеулердің әдіснамалық базасын кеңейтуге және дарынды балалармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін білім беру тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік береді», — деді Марғұлан университетінің Басқарма төрағасы — ректоры Алтынбек Нұхұлы.

Павлодардағы бірлескен жұмыс нәтижесінде қазақстандық және британдық ғалымдар дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған зерттеу әдістерін жетілдіріп, педагогтер үшін жаңа әдістемелік шешімдер әзірлеуге басымдық бермек.

Казахстанские и британские ученые развивают совместные исследования в сфере образования

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -