Сарбаздар қатары толықты

1372
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында орналасқан 6654 әскери бөлімі еліміздің Шымкент және Ақтөбе мен Атырау қалаларынан келген жас жауынгерлермен көбейді. Ендігі кезекте жас сарбаздар әскери бөлімнің жоспарына сәйкес бір айдан астам оқу пунктінде жас жауынгерлік курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырын үйренетін болады. Олардың әскерге бейімделуі үшін бар жағдай жасалған, әскери бөлімнің басшылығы мен жауапты офицерлері олардың көңіл-күйлері мен қызмет етуге деген ынтасын арттыру жолында көптеген жұмыстар атқарады.

Жас сарбаздарды 6654 әскери бөлімінің командирі полковник Жандос Қасымов қарсы алып, алдағы әскери өмірлеріне сәттілік тіледі.

– Қазақта «батыр елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақал бар, оның мағынасы тереңде. Сіздер ер жігіттің өміріндегі ең бір елеулі белеске қадам басып, жауапты міндетті атқарғалы отырсыздар. Әскери борышты өтеу – барлық азаматтың міндеті мен борышы, сондықтан анттарыңызға адал болып, қызметтеріңізді жауапкершілікпен атқарасыздар деп сенемін. Сіздер үшін әскери өмірге қатысты барлық жағдайды жасап, қолымыздан келгенше көмегімізбен бөлісеміз, – деп бөлім басшылығы тілегін жеткізді. Сонымен қатар, полковник Жандос Қасымов әскери бөлімнің тарихы мен атқаратын міндеттерімен де таныстырып өтті.

Ал  әскери бөлімнің психологі майор Оксана Дюсупова жауынгерлерді жеке-жеке зерделеп, тексеретінін де айтып жеткізді.

– Жас жауынгерлер келген күннен бастап олар үшін өмірдің жаңа кезеңі басталады. Сарбаздардың бойында жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастырып, рухани тәрбие беруге тырысамыз. Әрине, жан-жақтан келген әр түрлі тәрбиеде болған жас бозбалалардың әскери өмірге бейімделіп кетуі өздеріне байланысты. Бірақ біздер психологтар әр түрлі тренингтер мен сауалдар арқылы олардың көңіл-күйлері мен қызмет етуге деген құлшынысын арттыруға қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз, – деді әскери бөлімнің психологі.

Жас сарбаздар бір айлық оқытудан кейін Ант қабылдау салтанатты шарасына дайындалады. Отан қорғаушылардың  алғашқы легі Түркістан облысынан жеткізілді. Енді олар әскери өмірдін қыр-сырын үйреніп, әскери тәртіпке бағынып, жарғыға сәйкес жүріп тұруды үйренетін болады.

Әр сарбазбен жекеленген сұхбат жүргізіп, олардың толықтай мәліметімен танысады. Яғни, мерзімді әскери қызмет атқарушылардың кәсіби мамандықтары мен білімдеріне, мінездемелеріне және психологиялық деңгейіне назар аударылады. Бұл мәліметтер  алдағы уақытта  олардың қызмет ету үшін және бөлімшелерге бөлінер кезде қажет болады.

Ұлттық ұлан әскер қатарына жаңадан қосылған  жас сарбаздар ата-баба дәстүрін жалғастыра отырып, өздерінің Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаратындықтарына сеніміміз мол.

Лейтенант

Құралай ЖҰМАҚЫЗЫ, Қаракемер кенті

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -