Командирлер біліктілігін шыңдады

762
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен әскерилер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған Абай облысынан  бөлек, Павлодар, Өскемен, Курчатов қалаларында орналасқан әскери бөлім командирлері мен орынбасарлары қатысты. Семейдің  іргесіндегі 3 күнге созылған полигон аумағындағы оқу-жаттығу жиынының мақсаты әскерилердің кәсіби біліктілігін арттырып, олардың шеберліктерін шыңдау. Бірнеше аймақтан келген командирлер мен орынбасарлары өзара тәжірибе алмасты.

"Оқу жиынының барысында бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары бронь тронспортер 80 техникасын жүргізу, суда жузу әртүрлі модификациядағы қару жарақтан оқ ату сабақтары жүргізілуде. Бүгінде өте жақсы нәтижелер көрсетілуде" 5511 әскери бөлім командирінің  қару-жарақ жөніндегі орынбасары майор Аброр Абдуллаев

Күшейтілген қару-жарақпен жабдықталған БТР-80 соңғы жаңартылған нұсқа. Жаяу әскердің доңғалақты жауынгерлік техникасы жол талғамайды, ойлы-қырлы жерлермен де суда да жүре береді.

Оны Кеңес әскерлері Ауған соғысында қолданған. Кейін 90-шы жылдардан бастап Ресей Қарулы Күштерінің және басқа да бірқатар бұрынғы кеңестік республикалардың  барлық ірі қарулы қақтығыстарында қолданылған. Оны басқару да екінің бірінің қолынан келе бермейді.

"Қазіргі уақытта БTР 80-ді жүзу кезінде практикалық жүргізу жүріп жатыр. Яғни, су кедергісін жеңу. БТР  80 тек шұңқырларды ғана емес, сонымен қатар су кедергілерін де қауіпсіз жеңе алады. Бұған дейін техниканы мұқият дайындайды. Яғни, барлық люктер жабылғанын тексереді. Шамамен жарты сағат немесе бір сағат тексеру жұмыстары жүргізіледі"  5518 әскери бөлімінің аға механик жүргізушісі сержант Руслан Бекенов

Оқу жаттығу жиынын өткізу барысында әскери қызметкерлерге барлық жағдай жасалған.Тіпті, оқу-жаттығудан кейін тыныстау үшін арнайы демалатын орындармен жабдықталған техникалар да бар.

Әскери көліктің іші кең әрі барлық заман талабына сай жабдықтармен жасақталған.

"Оқу методикалық жиынының маңызы зор. Біз осында келіп біраз өзімізге білім алдық. Көп нәрсені бізге үйретті. Күнделікті қызметті атқарып ондай маңызды нәрселерге көңіл бөлмеген кезде, осындай жерлерде соны үйреткені өте дұрыс"  5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Медет Ертайлақов

Осылайша, бүгін оқу-жаттығу жиыны мәресіне жетті. Әскери қызметкерлер өзара тәжірибе алмасып, әскери дағдылары бойынша шеберліктерін шыңдады.

Капитан

Бағдат Амангелді,

Өскемен қаласы

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -