Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында елорданың «Алматы» ауданындағы Ш.Құдайбердіұлы көшесінің №2б мекенжайы жанында қызмет атқарып жүрген әскери жасақ бастығы – қатардағы жауынгер Мұрат Жақашовқа К есмді келіншек көмек сұрап келген. Абыржыған ана 5 жасар баласынан көз жазып қалғанын жеткізген. Өзі іздегенмен таба алмаған, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жағдайдан хабардар болған сарбаздар көп ұзамай баланы тауып, оны анасымен қауыштырды. Қуанған ана Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметіне табыс тілеп, жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.