Мамандық бойынша жеке даярлық сабақтары өтуде

10373
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы Аягөз гарнизонының танк бригадасында 2023 жылғы жазғы оқу кезеңінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Әскери бөлімнің жеке құрамымен мамандықтар бойынша сабақ кезеңі белгіленген тәртіппен бірнеше топтарға бөлініп жүргізілмек. Арнайы сағаттармен жоспарланған біліктілікті арттыратын сабақ барысына тәжірибесі мол офицерлер мен сержанттар қатары жетекшілік етеді. Сонымен қатар, әскери бөлімдердің аумағында оқу сыныптары мен практикалық арнайы оқу орындары әзірленген.

Жалпы, мамандық бойынша жеке дайындық сабақтарын өткізудің негізгі мақсаты – жауынгерлік әзірліктің деңгейін көтеру және әскери қызметшілердің мамандықтары бойынша білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жеке құрамның лауазымдарына сәйкес міндеттерін оқу, жеке қаруы мен әскери техниканың мүмкіндіктерін пайдалану тәртібін үйрену болып табылады.

Оқыту барысында бөлімшелер оқ-дәрілерді тиеу және қару-жарақты жауынгерлік жағдайға келтіру бойынша практикалық сабақтарды үйренсе, танк экипаждары нысаналарды орнынан және жүріп келе жатып көздеуге машықтануды игеруде.

"Жеке құрамға сабақты сапалы өткізу мақсатында оларды мамандық бойынша арнайы топтарға бөлдік. Әскери бөлімнің барлық жеке құрамы сабақтарға түгел қатысып, әр әскери қызметші өз мамандығы бойынша сапалы білім алуда. Осындай сабақтардың нәтижелері алдағы уақытта болатын оқу жаттығуларда жақсы жетістіктерге жеткізеді деп сенемін" 10810 әскери бөлімінің бригада сержанты 1-сынып сержант Алмас Жанысов

Айта кетейік, жеке дайындық сабақтары маусым айының соңына дейін жалғасады. Мамандық бойынша дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін бақылау сабақтары өткізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -