Алматы әкімдігі жауапсыз мердігерлерді сотқа берді

670
Фотосурет: iStock

Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының 10-нан астам түрлі нысанының құрылысымен және реконструкциясымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, № 48 мектеп-лицейі, «Жас Қанат» тұрғын үй кешені, Есентай өзенінің жағалауы, саябақтар, аулалар, су құбырын салу жөніндегі жобалар және т.б. 

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысын кешіктірген мердігерлерге ескерту жасалды. Кейбір компанияға қатысты сот талқылаулары жүргізілуде. Бірнеше мердігерді сот жауапсыз деп таныды, ал олардың жұмысы жаңа мердігерлерге берілді. 

Ерболат Досаев Алматыда аула аумақтарын абаттандыруға қойылатын талаптарды қайта қарауды және стандарттарды әзірлеуді тапсырдыАлматы қ. әкімдігі

Бұған қоса, қала басшысы Алматыда аула аумақтарын абаттандыру мен стандарттарды әзірлеуге қойылатын талаптарды қайта қарауды жүктеді.

Ерболат Досаев әлеуметтік нысандар бойынша бейінді басқармаларға тапсырма беріп, жұмыстың уақытылы аяқталуын бақылауды және сапасын тексеруді тапсырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -