Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің патрульдік жасағы педагогикалық институт маңындағы көшелердің қоғамдық тәртібін қадағалау барысында ересектерсіз жүрген баланы байқап қалған, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сарбаздар дереу баланың қасына барып, мән-жайды анықтауға тырысты. Әңгіме барысында оның адасып кеткені, қайда барарын білмейтіні белгілі болды. Әскерилер кідірместен баланы патрульдік көлікке отырғызып, полиция департаментіне қарай бет алды.
Бала жақындарынан көз жазып, қатты қорқып қалған екен, бірақ тез тіл табыстық. Бастысы - оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын тезірек табу еді Деді лейтенант Саламат Әнуаров
Әскерилердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде бала қысқа мерзім ішінде ата-анасына табысталды.
Ұлын көрген анасы ерекше қуанып, Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді.