"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын дамыту: елордадағы салықтар туралы акция

918

Елордада "Cалықтар туралы сұра" науқаны өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін 2023 жылғы 9 маусымда "Хан Шатыр" СОО Атриумында "Салықтар туралы сұра" науқаны өтті. Бұл науқаның мақсаты салық салу мәселелерінде халықтың салық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету болып табылады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша МКД хабарлады.

Азаматтардың көлік, жер және мүлік салығы бойынша берешекті тексеру рәсімі, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау, кәсіпкерлердің қызметін тіркеу және тоқтату, арнайы салық режимдерін қолдану, бөлшек салық бойынша өзгерістер, онлайн-БКМ және POS-терминалдарды қолдану, esalyq azamat, eSalyq Business мобильді қосымшалары және т.б. мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.

Іс-шараның қатысушылары барлық қойылған сұрақтар бойынша түсініктеме алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -