Бірыңғай төлем еңбекақы қорына жүктемені төмендетті

521
Фотосурет: iStock

Жалдамалы қызметкерлердің көрінбеуі - үлкен проблема күйінде қалуда, бұл болашақта зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді ала алмау, медициналық қызмет алудағы шектеулер түріндегі әлеуметтік салдарға әкеп соғады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі таңда 1,2 миллион дара кәсіпкерде жалдамалы жұмысшылары жоқ, ал 89,3 мың дара кәсіпкерде 1 ғана жалдамалы қызметкері бар. Кәсіпкерлердің тек 9,5 пайызында 5-тен астам қызметкері бар.

Кәсіпкерлердің қызметкерлерді «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбекақы төлеу қорының 20 пайызы мөлшерінде жалақыдан бірыңғай төлем енгізілді.

Бұл еңбекақы төлеу қорына жүктемені едәуір төмендетіп, төлемді жеңілдетті. Бірыңғай төлем бір төлеммен енгізіледі, одан әрі бөлуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.

Бүгінгі таңда 491 кәсіпкерлер бірыңғай төлем төлеуде, оның ішінде бұрын жалдамалы жұмыскерлер көрсетпегендер саны - 35.

Яғни, жалдамалы жұмысшыларды көрсету біртіндеп ашылып келеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -