Бөлшек салық арнаулы салық режимі 190 қызмет түрін қамтиды

738
Фотосурет: iStock

Кәсіпкерлердің кірістерді толық көрсетпеуі не арнайы салық режимін сақтау және қосылған құн салығы шегінен асып кетпеу үшін бизнесті бірнеше дара кәсіпкерлікке бөлетіні белгілі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кәсіпкерлерді көлеңкеден шығаруға ынталандыру үшін заңнамалық жағдайлар жасаудағы үлкен қадамы 2023 жылдан бастап жаңа форматта бөлшек салықты енгізу болды.

Пандемия кезінде бұл салық экономиканың зардап шеккен секторлары үшін уақытша енгізілді, ол 114 қызмет түрін қамтыған.

Қазір рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бөлшек саудаға және негізінен халыққа қызмет көрсетуге байланысты 190 қызмет түрін қамтиды.

Шекті табыс 600 мың айлық есептік көрсеткіш немесе
2 миллиард 70 миллион теңгені құрайды. Осы шектің шеңберінде кәсіпкер қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмайды, бұл бұрын бизнесті бөлудің негізгі себебі болған.

Кәсіпкер 200-ге дейін жұмысшыны жалдауға және олар үшін жоғарыда айтқандай бірыңғай төлемді қолдануға құқылы.

Оңайлатылған декларация режимімен салыстырғанда, мөлшерлеме қосылған құн салығы бойынша шығындарды ішінара өтеу үшін небәрі
1 пайызға көтерілді және 4 пайызды құрайды. Жалпы алғанда, осы 4 пайызға 3 салық кіреді: табыс, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы.

Сондай-ақ, жергілікті мәслихаттар жекелеген салалар үшін мөлшерлемені 2 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Яғни, біз жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттырдық, мөлшерлемені реттеу арқылы белгілі бір саланың дамуын ынталандыруға мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ, ірі кәсіпорындардың салығын төмендету үшін дара кәсіпкердерді пайдалануын болдырмау мақсатында шығыстарды сатып алушы шегерімге жатқызған кезде салықтың жоғары мөлшерлемесі белгіленді – бұл 8 пайыз.

Яғни, біз бұл режимді салықтан жалтарудың жаңа схемаларын жасаудан гөрі, адал бизнесті пайдалану үшін жасалды.

Бүгінгі таңда 3 390 кәсіпкер осы режимге көшті және болашақта бұл режимнің кеңінен таралуы күтілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -