Мобильді аударымдар қашаннан бастап тексеріледі?

756
Фотосурет: iStock

Тағы бір проблема - тіркеусіз қызметті жүзеге асыру, кәсіпкерлердің туыстарының жеке карточкалық шоттарына аударымдарды қабылдау.

Комитет осы жылдан бастап банктік деректерге сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілері бар тұлғалар туралы мәліметтерді ала бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар операцияларға жатқызу критерийлері жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан жеке банктік шотқа (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған) ақша қаражатын алуы болып табылады.

Банктерден ақпарат кезең-кезеңімен:

  1. 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша;
  2. 2024 жылдан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша;
  3. 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша;
  4. 2026 жылдан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша берілетін болады.

Осылайша, бүгінгі таңда ақпарат тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары, яғни жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің декларанттары бойынша алынды.

Қазір әлеуметтік желілерде осы мәселе бойынша жеке тұлғалардың атына Комитет шығаратын хабарламалар туралы мәселе ара-тұра көтеріліп жүр.

Бүгінгі күні Мемлекеттік кірістер комитеті ешқандай хабарламалар жіберген жоқ, бұл жалған ақпарат.

Қазіргі уақытта, келіп түскен деректерді өңдеп, талдау жүргізіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -