12617
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Сәлеметсіз бе, анашым, қалыңыз қалай? Мен сізді сағындым...Соңғы кездері шашыңызға біраз ақ түсірдім бе? Мені ойлап. сан мәрте жанарыңыздан  жас сырғанаған да шығар... Талай түндерде көз ілмей, сары уайымның жетегіне еріксіз ілесіп, келер таңға жаңа үміт артып жүрсіз бе? Анашым, менде барлығы жақсы, уайымдамаңызшы. Мен Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөлімінде әскердің алғашқы күндерін өткізіп жатырмын. Әскерге келгелі отбасының қадірін, достың адалдығын, ең бастысы - «Ананың қамқорлығын» түсініп жатырмын.

Анашым, мұнда келгеніме еш өкінбеймін, мен «әскерге барамын» дегенде маған қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге алғыс айтамын! Мен түсінемін, кенже ұлыңыз болған соң, сіз мен туралы қатты уайымдайсыз, алаңдайсыз.

Мен оқу пунктінің 1 рота 4 взвод 3 бөлімшесінде сарбаз атқышымын. Біздің рота командиріміз капитан Дастан Абдулла, ал взвод командирі лейтенант Әділжан Айтуған, взвод сержанты аға сержант Арман Жекейов өте керемет адамдар, олар бізге бар білгендерін үйретіп жатыр.

Бізді әскери бөлімде офицерлері мен сержанттар ешкімді бөліп жармайды, барлығымызға бірдей қарап, әр апта сайын неше түрлі ойын- сауық сайыстарын, әскери оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Жақында КТК сайысы өтейін деп жатыр, қазір біз соған дайындалып жүрміз. Онымен қоса, Әскери ант қабылдауға да дайындық жүріп жатыр. Анашым, армияның тамақтары бөлек қой, сіздер тамақты 30 минутта жесеңіздер, біз 15 минутта тамақ жеп, жуынып үлгереміз. Бізде әр нәрсеге уақыт бөлінген, сол уақыт қалай зымырап өткенін байқамай да қаламыз.

Мен әскери бөлімде білесіз бе, нені үйрендім? Ұқыптылықты, сабырлықты, төзімділікті, ең бастысы – ерте тұруды үйрендім...

Біздің әскери бөлім таудың етегінде орналасқандықтан, ауасы керемет, тап-таза, табиғаты өте әдемі. 8 шілде күні менің ант қабылдауыма келгенде, барлығын өз көзіңізбен көресіз. Шынымды айтсам, мен сізді қатты-қатты сағындым, анашым!  Әскери борышты өтеу - әр ер азаматтың парызы, сіз әлі де менімен мақтанатын боласыз, осы хатты шын жүрегіммен жаздым, анашым...

Сіздің ұлыңыз,

Ерқанат Мейрамұлы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -