Қазақстандық параатлет Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол 15,74 м. нәтижесімен ядро лақтыруда үшінші орынды иеленді.
Турнир Парижде 8-17 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілқасымқызы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты-бұл іріктеу турнирі, онда алғашқы 4 орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы Паралимпиадаға жолдама алады.