Қазақстандағы бизнес 12,6% мөлшерлемемен несие ала алады – «Өрлеу» бағдарламасының шарттары

2409
Фотосурет: freepik.com

«Даму» қоры жылдық 12,6% жеңілдікпен несиелендірілетін жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.

Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген несиелеу үшін басымдық берілетін экономиканың салалары – өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.

Жеңілдікті кредиттеудің жаңа бағдарламасы бойынша түпкі қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% -дан аспайды.

Бағдарлама бойынша жалпы қаражат көлемі 750 млрд теңге болады, оның 300 млрд теңгесін Қор бөледі, ал 450 млрд теңге екінші деңгейлі банктер тарапынан бірлесіп қаржыландыру аясында тартылады.

«Өрлеу» бағдарламасы инвестициялық мақсаттарға жеңілдікті қарыз беруді, айналым қаражатын толықтыруды және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруды көздейді.

Негізгі шарттар:

  • қарыздың ең жоғары сомасы - инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 12,6% -дан аспайды;
  • қаржыландыру мерзімі: - инвестициялық мақсаттарға 10 жылға дейін, - айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылдан аспайды, - кредиттерді қайта қаржыландыруға - қаржыландырылатын берешек мерзімінің қалдығынан артық емес.

«Өрлеу» бағдарламасы жеңілдікті кредит беру арқылы кәсіпкерлік қызметті келесі экономиканың басым секторларында:

  • өңдеу өнеркәсібі (оның ішінде тамақ өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, киімдерді, химия өнеркәсібі өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды, резеңке және пластмасса бұйымдарын, электр жабдықтарын, жиһаздарды және т.б. өндіру),
  • көлік және қоймалау (жүк және жолаушылар тасымалы, жүктерді қоймалау қызметтері және т.б.), - туризм (қонақ үйлер, кемпингтер және т.б. қызмет көрсету),
  • білім беру (мектеп және мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру тапсырысы бар),
  • денсаулық сақтау (медициналық орталықтар, көп бейінді клиникалар) ынталандыруға бағытталған.

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -