Әлеуметтік кодекс және интернет-жарнама: заң жобаларының маңызды аспектілері

4719
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Жамбыл облысында болған кезде Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің редакциясында басылым ұжымының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Газет өкілдері кездесу барысында аудандық газеттің жұмысы туралы хабардар етті.

Сенатор Палатаның жұмысы және қабылданып жатқан заңдар туралы айтып берді.

Сондай-ақ Әлеуметтік кодекске қатысты және интернет-алаңдар мен интернет-жарнама туралы заңдарға да тоқталды. Депутат барлық заңдар халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін қабылданып жатқанын атап өтті.

«Интернет-алаңдар және интернет-жарнама туралы» заңның негізгі мақсаты онлайн-платформалардың жұмыс істеу мәселелері мен онлайн-жарнамаларға қойылатын талаптарды құқықтық реттеу болып табылады. Заңның міндеті – әлеуметтік желілердегі жәбірлеу, қорлау, қаржы пирамидалары сияқты жағымсыз фактілерден Қазақстан азаматтарын қорғау арқылы елдегі саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу» Нұртөре Жүсіп

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -