«Чек талап ет — жүлде ұтып ал»: республикалық акция басталды

4202
Фотосурет: freepik

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акция іске қосылғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz

Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.

Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады.

Қатысу шарттары:

Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;

Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;

Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз — бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды.

Сыйлықтар:

Ай сайын — еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.

Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады.

Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады.

Amian қосымшасы — чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.

Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді.

Маңызды:

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: фискалдық чекті талап ету — бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы.

Әрбір чекті — сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -